АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы бүгін, 4 наурыз күні 15:40-та жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстіке қарай 400 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.8. MPV магнитудасы – 4.3. Эпиоорталық координаттары – 39.70° с.е. 75.84° ш.б. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», - делінген мәліметте.
Фото: Getty Images
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.