Осы уақытта тағы 4 адам іздестіріліп жатыр.
«Қазақстан» шахтасындағы жағдай бойынша қазіргі таңда желдету режимін дұрыстап, хабарсыз кеткен шахтерларды іздеу үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүріп жатыр. Бір адамның денесі табылып, сыртқа шығарылды. Қазіргі таңда Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 12 бөлімшесі жұмыс істеп жатыр. Біз шахтерлардың табылатынынан әлі де үміттіміз. Сол себепті оларды іздеу жұмыстарын жалғастыра береміз. Барлықтарыңызды үміт үзбей мықты болуға шақырамыз. Көмір департаментінің бүкіл күші шахтерларды құтқаруға жұмылдырылды. Біз құрбан болған шахтерлардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз және оларға барлық жағынан қолдау көрсетеміз»,-деді Виктор Гафиулов.
Айта кетейік, бүгін, 17 тамыз күні сағат 10:05-те «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Апатты жою жоспары енгізілді.
Шахтада 227 адам болған, олардың 182-сі эвакуацияланып, 45 адам шахтада қалып қойды.
Кейінірек 222 адамның эвакуацияланғаны хабарланды. Қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағынданған. Ал 5 адамның тағдыры белгісіз еді.
Кейінірек хабарсыз кеткен екі кеншінің табылғаны хабарланды.
Кейінірек шахтада жапа шеккендердің саны 8 адамға жеткені хабарланды.
Қарағанды облысындағы шахтадағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды.