Қазақстан сотталушылар саны бойынша әлемде 31 орында

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан 100 мың адамға шаққанда сотталушылар көлемі бойынша 221 елдің ішінде 31 орында тұр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 49 883 азамат қамауда отыр. Оның ішінде 42 900-і сотталғандар, 6 983-і тергеуге тұтқындалғандар.

Аталған комитет мәліметі бойынша тәулігіне бір сотталушыға орташа есеппен 1 мың 638 теңге, ал тергеуге қамалғандарға 2 мың 589 теңге жұмсалады екен.