Қазақстан таеквондодан Индонезиядағы халықаралық турнирде төрт медальға ие болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық таеквондошылар Индонезияның Джакарта қаласында өткен халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Фото: ҚР ҰОК

Отандастарымыз жарыста төрт қола медальға ие болды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Баходир Шапулатов (54 келіге дейін), Жасурбек Исроилов (63 келіге дейін), Абдурахман Марипов (80 келіге дейін) және Нұрқанат Қожахмет (87 келіге дейін) үшінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне нидерландтық маман Джон ван'т Схипті тағайындады. Бұл турады Қазақстан футбол федерациясында өткен ресми таныстыру рәсімінде жария етілді.