Қазақстан Таяу Шығыстан өз азаматтарын эвакуациялауға қанша қаржы жұмсады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Таяу Шығыс мемлекеттерінен өз азаматтарын шығаруға 4 млн долларға жуық қаражат жұмсады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті.

Фото: pexels

Оның айтуынша, бастапқыда төрт мыңға жуық адамды эвакуациялау жоспарланған. Бірақ эвакуация кезінде көмекке мұқтаж азаматтардың саны 10 мыңнан астамға дейін өскен.

Сондықтан мемлекет авиакомпаниялар шығындарының бір бөлігін өтеді.

— Онда болған кейбір жолаушылар осы авиакомпаниялардан елге қайтар билеттерін сатып алғанын білесіздер, яғни жолаушылар авиакомпанияларға көрсеткен қызметтерін ішінара төлеген. Біз де шығынның бір бөлігін өтедік. Бұл тұрғыда сақтандыру тәуекелдеріне ақы төледік. Сонымен қатар жолаушыларды Дубайдан жақын тұрған өзге елдерге жеткізуді қамтамасыз еттік, — деді министр.

Айта кетейік, Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам Қазақстан азаматы шығарылды