Қазақстан тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

АСТАНА. KAZINFORM -Белгияның Хесден-Золдер қаласында тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды.

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының сапында үздік нәтижені Аружан Қабдулова көрсетті. Ол қалыс қалу сайысында алтыншы орын алды. Ерлер арасында Радмир Тресков 25-орынға ие болды.

Ұпай бойынша топтық жарыста Әлихан Жүнісов 24-орынға жайғасты. Ал әйелдер арасында Аружан Қабдулова 21-орынға тұрақтады.

Жекелей із кесу сайысында Зейнолла Азаматұлы 45-орын, Радмир Тресков 46-орынға табан тіреді. Ал әйелдер арасында Виталина Хоружая 28-орынмен сайысты аяқтады.

ҚР ҰОК мәліметінше, скретч бәсекесінде Зейнолла Азаматұлы 13-орынды иеленді. Әйелдер арасында Аружан Қабдулова 22-орыннан көрінді.

Спринт бағдарламасында Илья Куварин 37-орын, Мансұр Бралин 39-орынға табан тіреді. Кейрин бәсекесінде Мансұр Бралин 13-ші, Илья Куварин 31-ші орынға ие болды.

Жеке уақыт бойынша өткен жарыста Илья Куварин 27-ші, Мансұр Бралин 28-ші орынға тұрақтады. Омниум бәсекесінде Әлихан Жүнісов 25-орында жарысты тәмамдады. Әйелдер арасында Виталина Хоружая 22-ші болды.

Мэдисон сайысында Аружан Қабдулова және Виталина Хоружая жарысты аяқтай алмады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жеребесі тартылды.