Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінен хабарлағандай, «Ресейғарыш» агенттігі ағымдағы жылға жоспарлаған 41 сапардың 34-іне келісім берілді.
«Негізінен зымырантасымалдағыштардың ажырайтын бөлшектерінің «Байқоңыр» кешенін жалдау келісімшартында қарастырылмаған жаңа аудандарға құлауы қарастырылған сапарларға ғана тыйым салынды», деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметінен.
«Байқоңыр» ғарыш айлағының ағымдағы жылғы ұшу бағдарламасын қаңтар айының соңына белгіленген «Протон» зымырантасымалдағышының сапары ашады.