АСТАНА. KAZINFORM — Нидерландтың Гаага қаласында жағажай волейболынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды.
Қазақстан құрамасының атынан бұл турнирге ерлер арасында Әлихан Ағабек және Оразалы Сағыныш бақ сынайды. Олар «Е» тобында өнер көрсетіп, Эстония, Чили және Литва құрамаларымен кездеседі.
Ал әйелдер арасында Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет сынға түседі. Олар «G» тобында өнер көрсетіп, Латвия, Венесуэла және Канада командаларына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 12 шілдеге дейін жалғасады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатқанын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.