Қазақстандық жұп С тобындағы ойындарды екінші орынмен аяқтады.
Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде отандастарымыз Аустралия өкілдері Райан Эдгар және Томас Тёрнермен кездесті. Бұл ойында қазақстандықтар 0:2 (15:21, 16:21) есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы топта екінші орын алып, Олимпиада ойындарының плей-офф кезеңіне шықты.
ҚР ҰОК мәліметінше, жасөспірімдер Олимпиадасының 1/8 финалындағы қарсыластары кейінірек белгілі болады.
Айта кетейік, Қазақстан балуандары күрестен әлем чемпионатын бес медальмен қорытындылады.