Қазақстан балуандары күрестен әлем чемпионатын бес медальмен қорытындылады

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өткен күрестен 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан балуандары бес медаль (бір күміс және төрт қола) жеңіп алды.

Нұрқожа Қайпанов
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Дүбірлі додада ел құрамасынан Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес, 74 келі) қоржынға салды. Қолаға Исхар Құрбаев (грек-рим күресі, 55 келі), Айдос Сұлтанғали (грек-рим күресі, 60 келі) және Бағдат Сабаз (грек-рим күресі, 67 келі) пен Зейнеп Баянова (әйелдер күресі, 50 келі) ие болды.

Медальдық есепте Қазақстан 15-орын алды. Турнир жеңімпазы болған АҚШ құрамасы 15 медаль (жеті алтын, екі күміс және алты қола) жеңіп алды. Екінші орынды қоржынына 15 медаль түскен Иран құрамасы алты алтын, төрт күміс және бес қола еншіледі. Үшінші орынға 14 медаль (төрт алтын, үш күміс және жеті қола) алған Ресей құрамасы жайғасты.

Бастапқыда әлем чемпионатын былтыр өткізу құқығына ие болған Манама қаласы ұйымдастыруы тиіс еді. Алайда UWW мен Бахрейн күрес федерациясы бірлескен мәлімдеме жасап, турнирдің басқа елге ауыстырылғанын хабарлады.

Инспекциялық сапарлар мен спорт нысандарының дайындығын бағалау қорытындысы бойынша әлем чемпионатын өткізу құқығы Қазақстанға берілген.

Айта кетейік, Қазақстан астанасы бұған дейін де 2019 жылы күрес түрлерінен әлем чемпионатын өткізген болатын.