Қазақстан және Моңғолияның мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдері 19 келісімшартқа қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Тараптар мұндай серіктестікке Қазақстан-Моңғолия бизнес форумында қол жеткізді.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Құжатта өндіріс, ауыл шаруашылығы, шикізатты өңдеу, логистика, сауда, инвестиция, туризм т. б. салалар қамтылған.

Онымен төмендегі тізім арқылы толықтай таныса аласыз:

1. Mongolian Ore Bal LLC мен Атырау вагон құрастыру зауыты арасында 100 вагон жеткізу туралы келісімшарт;

2. Munkh Amin Orchil LLC мен «KazEcoAgro» ЖШС арасында өнімдерді Моңғолия нарығына жеткізу, дәрумендер мен ББҚ өндірісін дамыту, биотехнологияларды енгізу және бірлескен жобаларды іске асыру туралы меморандум;

3. Tuginat LLC мен SymbatLab LLC арасында өнімдерді дистрибуциялау, серіктестер желісін құру, бірлескен жобаларды дамыту және технологиялар алмасу туралы меморандум;

4. Mongolian Ore Bal LLC мен «Altay Agro Trading» ЖШС арасында астық жеткізу туралы келісімшарт;

5. Моңғолия туризм қауымдастығы мен Алматы облысының туризм басқармасы арасында туризмді дамыту және халықаралық серіктестік туралы меморандум;

6. CNBG Construction LLC мен «Alkaralbio» ЖШС арасында функционалдық тағам өнімдерін жеткізу, биотехнологиялық шешімдерді енгізу және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум;

7. Mon-Kaz Trade & Investment Hub LLC мен Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі арасында Қазақстанның Моңғолияға экспортын дамыту, келісімшарттарды қаржыландыру және бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісім;

8. Mon-Kaz Trade & Investment Hub LLC мен «QazTrade» АҚ арасында стратегиялық әріптестікті және ұзақ мерзімді тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум;

9. Mongolsat Networks LLC мен «Аскар Синема» ЖШС арасында киноиндустриядағы ынтымақтастықты дамыту, ұлттық кинематографияны насихаттау және мәдени байланыстарды нығайту туралы меморандум;

10. Tuginat LLC мен SS-Agro LLC арасында өнім жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

11. Tuginat LLC мен AB Smart Logistic LLC арасында жабдық жеткізу және логистика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

12. Қазақстан және Моңғолия әйел кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісім («Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі — Моңғолия ҰТӨП жанындағы Әйел кәсіпкерлер кеңесі);

13. Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы мен QazTrade арасында сауда ынтымақтастығы мен әріптестікті дамыту туралы меморандум;

14. «ЖИ ӨҮ Финсайт Холдинг» ЖШС мен «Gо Finsight Agro Holding» ЖШС арасында қаржы-аграрлық саладағы ынтымақтастық туралы меморандум;

15. Nukhttour Co. Ltd мен Gumin Green Tech SPC Limited арасында әріптестік және бірлескен жобаларды дамыту туралы келісім;

16. Моңғолияның жүн өнімдерін өндірушілер қауымдастығы мен Kham-Ts Group арасында жүн өңдеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

17. «Fain Wool Cashmere» ЖШС мен «Біржан» ЖШС арасында жүн өңдеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

18. Талдықорған мен Налайх қалалары арасында бауырластық қатынастар орнату және ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум;

19. Қазақстан Жастар конгресі мен Моңғолия жастар федерациясы арасында жастар саясаты, білім, мәдениет және кәсіпкерлік салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыру туралы меморандум.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Моңғолия арасында өзара тауар саудасына тарифтер алынбайтынын жазғанбыз.