Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің перспективалары мен басымдықтары, оның ішінде шекаралас аймақтардың мәселелері талқыланды. Сонымен қатар делегация басшылары Қазақстан ІІМ Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД мен Өзбекстан ІІМ Джизак, Сырдария, Ташкент облыстарының 2017-2018 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және алдын алу шараларды көздейтін қылмысқа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан Ішкі істер министрліктері арасында тұрақты түрде жұмыс кездесулерін өткізу туралы келісім жасалды.