Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын 8 жүлдемен бастады

АСТАНА.KAZINFORM - Амманда дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні мәресіне жетті.

Фото: Дзюдо федерациясы

Дзюдо федерациясы мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасының дзюдошылары 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алды.

Ролан Қайырғали (-66 кг) - алтын

Айнара Сейітжанова (-48 кг) - алтын

Нұрбала Зайнул (-52 кг) - алтын

Ерасыл Ержанов (-66 кг) - күміс

Мұхамедали Закиров (-73 кг) - күміс

Дамеля Асылханова (-63 кг) - күміс

Айзат Наукенова (-48 кг) - қола

Айдана Абиханова (-63 кг) – қола

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатын екі алтынмен аяқтағанын жазған едік.