Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық хоккей федерациясы бірінші дивизионның А тобындағы жастар арасында әлем чемпионатының ойын кестесін жариялады.
Турнир 7-13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында өтеді. Элиталық дивизионға берілетін жалғыз жолдама үшін Қазақстан құрамасы Украина, Франция, Норвегия, Австрия және Словения командаларымен тартысқа түседі.
Матч кестесі:
8 желтоқсан. Украина - Қазақстан
9 желтоқсан. Қазақстан - Словения
11 желтоқсан. Қазақстан - Франция
11 желтоқсан. Норвегия - Қазақстан
13 желтоқсан, Қазақстан - Австрия.
Еліміздің жастар құрамасы әлем чемпионатына 1998 жылдан бері қатысып келеді. 1999 жылы алтыншы орынға табан тіреп, әзірге құрама тарихындағы жоғары орынға қол жеткізген еді.
Еске салсақ, елімізде 5-8 қараша аралығында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.