Қазақстан жастары зұлымдыққа қарсы күрестің алдыңғы қатарында болуы керек - ҚЖК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Жастар конгресі өткен жексенбіде Ақтөбе қаласында орын алған террористтік актілерді үзілді кесілді айыптады.

Экстремизм мен терроризмнің шекарасы жоқ, қоғамның қалыптасқан дәстүрін мойындамайды.

«Біз Қазақстанның жастарын осы зұлымдыққа қарсы күрестің алдыңғы қатарында болуға шақырамыз.

Сондай-ақ біз жастарды, қоғамды және барлық азаматтарды еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға, қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін нығаюына септігін тиігізуге шақырамыз», делінген мәлімдемеде.