Спикердің айтуынша, Еуропалық жоғары білім кеңістігінде білім сапасын қамтамасыз етуге арналған ESG стандарттары қайта қаралып жатыр. Жаңартылған құжат жобасында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға да назар аударылған.
– Қазақстан ұлттық аккредиттеу тәсілдерін ESG-дің жаңа редакциясына сәйкестендіруі керек. Ол үшін аккредиттеу агенттіктерінің стандарттарын, ЖОО-лардың ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптарды және сыртқы бағалау рәсімдерін жаңарту қажет. Бұл жұмыс агенттіктермен, ЖОО-лармен, студенттермен және жұмыс берушілермен диалог негізінде жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз, – деді Талғат Ешенқұлов.
Сонымен қоса, вице-министр университеттерді цифрландыру, жасанды интеллектіні қолдану және білім сапасын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері Еуропалық жоғары білім кеңістігінде тұрақты талқыланып келе жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық ЖОО-ларда ChatGPT Edu енгізілетіні хабарланды.