Қазақстанда 1 қыркүйекте 250 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда 1 қыркүйекте 250 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Бұл туралы Facebook-те ҚР білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов хабарлады.

«Биылғы жылы 1 қыркүйекте 2,5 млн. оқушы партаға отырады. Олардың ішінде 265 мың оқушы бірінші сыныпқа барады, 169 мың түлек мектеп бітіреді», - деп жазды ол.

Оның айтуынша, оларға 292 мың мұғалім (108 мың - қалаларда, 184 мың - ауылдарда) сабақ береді. Вице-министр оның ішінде 9645 педагог жас мамандар екенін атап көрсетті.