«Алдын ала мәліметтер бойынша 2014-2015 оқу жылында күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар 2 млн. 498 мың 819-ды құрады. Оның ішінде 277 мың 575-і бірінші сынып оқушылары», - делінген ведомство мәліметінде.
Министрліктің хабарлауынша, мектеп формасын киетін оқушылардың саны артып келеді. Мәселен, 2012-2013 оқу жылында аталған киім үлгісін 4,5 мың мектепте 1,6 млн. бала (61 пайызы) кисе, 2013-2014 оқу жылында 5,4 мың мектепте олардың саны 1,8 миллионға (72 пайызы) жетті.
Оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталсақ, министрлік бекіткен тізім негізінде мектеп кітаптарын 20 қазақстандық баспа шығарады. «Атап айтқанда, тапсырысқа сәйкес басылып шығарылатын оқулықтардың құны бекітілген бағамен сатылады, яғни олар 300-700 теңге аралығында болады», - деп түсіндірді министрлік өкілдері.