«4 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының аумағында «Заңсыз көші-қон-2017» жедел алдын алу шарасы өтуде. 11 қазандағы жағдайға сәйкес ел аумағында болу ережесін бұзғаны үшін 11 891 шетелдік, оның ішінде алыс шет елдің 727 және ТМД-ның 11 164 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 627-сі ел аумағынан шығарылды», - деді Алмас Садубаев.
Оның дерегінше, шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін Қазақстанның да 420 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 120 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Іздеуде жүрген 28 қылмыскер ұсталды. Оның 24-і Қырғызстан және 4-еуі ТМД азаматтары. Қабылдау-тарату орнына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 1 013 ТМД азаматы қамалды. Ішкі істер органдары Қырғызстан азаматтарына қатысты ешқандай да арнайы шара жүргізген жоқ», - деді департамент басшысы.
Фото facebook.com