Қазақстанда 2 мың әйел мен 38 бала темір торға қамалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының аумағында екі мыңнан аса әйел темір тордың ар жағында отыр. ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне 2017 жылдың басындағы статистиканы жария етті.

«2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, қылмыстық атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде отыз мыңға жуық сотталған адам жазасын өтеп жатыр», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, отыз мыңға тарта адамның арасында 38 жасөспірім бала бар екен.

«Оның ішінде, 27 744-і - ер адам, 2 185-і - әйел адам және кәмілетке толмаған 38 жасөспірім бар», - деп хабарлап отыр ведомство.