«Шығыс Қазақстан облысының жастары алдағы жылды - Жастар жылы деп жариялау жөніндегі бастаманы көтеріп отыр. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша жастар үшін ресурстық орталықтарды құру, орталық және өңірлік деңгейлер үшін жастар саясатының индикаторларын әзірлеу тұрғысында ұсыныстар қабылданды»,-деді ресми өкіл.
Естеріңізге сала кетейік, Өскеменде өткен ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты бойынша кеңестің отырысында қатысушылар Жастар бастамасы мен ынтымақтастығын дамытудың қорын құру, сондай-ақ жастар жобаларын жүзеге асырудың мемлекеттік тапсырысын арттырудың қажеттілігі аталып өтті.