Қазақстанда 235 мың адамда қару бар - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 235 мың адамда қару бар, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

ІІМ ақпаратынша, бір адамның бес аң аулайтын қару мен екі өзін-өзі қорғауға арналған қару алу құқығы бар. Оған газ тапаншалары, электрлік қару мен тегіс ұңғылы қару жатады. Соңғысын үйде ғана сақтауға болады. Баспанадан асырып шығаруға болмайды.

«Қаруға рұқсат алу үшін тиісті құжаттарды беруі тиіс. Бұл өтініш, қару иеленуге тыйым салынбағанын растайтын медициналық қорытынды. есірткі, психодиспансерден анықтама. Қаруды иелену ережелерін тексеру туралы анықтама», - деді ҚР ІІМ ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Асылбек Ыдрысов.

Қару сататын дүкендерге де қатаң талаптар қойылады. Оларда сататын қаруының  сертификаты болуы шарт, олар есеп пен  тіркеу жұмыстарын жүргізу керек.  

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанның 17,5 млн-нан астам тұрғынының  шамамен 235 мыңында қару бар. Олардың иелігінде шамамен 284 мың қару тіркелген.