Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз екпіні 15–20 метрге жетеді.
Ақмола облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің батысы, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с болады.
Алматы облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады. Күндіз оңтүстігі мен таулы аудандарында желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың орталығы, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың орталығы, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз солтүстігінде желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде төтенше, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз солтүстігі, шығысы мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының орталығы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады. Солтүстік-батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күндізгі екпіні 15–20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының шығысы мен солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысы мен солтүстік-батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен соғатын желдің оңтүстігі мен шығысындағы күндізгі екпіні 15–20 м/с болады. Солтүстік-батысы мен шығысында жоғары, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Күндіз аталған аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігіндегі екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде, ал батысы, шығысы мен орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады. Күндіз оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15–18 м/с болады.
Абай облысының шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Осыған дейін Алматы маңындағы тауда ірі тастар құлағаны туралы жаздық.