Ашылу салтанатына Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин, Ойыл ауданының әкімі Сәкен Займолдин және гарнизонның жеке құрамы қатысты.
Жаңа өрт сөндіру бекеті жалпы саны 1 522 адам тұратын екі елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар қызмет атқаруға қажетті жағдай жасап, жеке құрамның демалуына арналған тұрмыстық бөлмелерді жабдықтады.
ТЖМ бекетті қажетті өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етті.
Жаңа нысан оқиға орнына жету уақытын қысқартып, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін маңғыстаулық құтқарушының еңбек жолы туралы жазған едік.