21 қарашада Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында ер адамға қатысты іздеу туралы ақпарат жарияланды.
Іздеу ісі Түркістан облысында тіркелген. ҰҚК бастамасымен іздестіру жұмыстарын Сарыағаш аудандық полиция бөлімі жүргізіп жатыр.
Әңгіме ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы туралы болып отыр. Оның бірінші бөлігі бойынша мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өткені үшін 2 мың АЕК-ке дейін (2026 жылы 8,65 млн теңге) айыппұл салу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Іздеу парағындағы мәліметке қарағанда, Коул 1981 жылғы 13 наурызда туған. Оның қай елдің азаматы екені нақтыланбаған. Істің мән-жайы әзірше жарияланған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін «Қызыл-Жар» футбол клубының экс-президентіне мемлекетаралық іздеу жарияланғанын хабарлағанбыз.