Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.
«Бандитизм, ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша жыл басынан бері 36 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс әлемінің 55-ге тарта серкелері құрықталып, ұйымдасқан қылмыстық топтың 230 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардан ірі көлемдегі қару-жарақ пен есіркілер тәркіленді. Сондай-ақ 6 «заңдағы ұрының» жолы кесіліп, біреуі сотталса, қалғаны елімізден аластатылды»,-деді министр.
Оның айтуынша, осындай көрсеткіштің өзі еліміздегі, республика өңірлеріндегі криминогендік жағдайдың біршама жақсаруына өз әсерін тигізген.