Қазақстанда 600-дей үй әлі су астында - ТЖ комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда көктемгі тасқын салдарынан су астында қалған 2400-ден астам үйдің 1800-і судан арылды.

Бұл туралы бүгiн ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Алексей Советов мәлiм еттi.

«Қазіргі уақытта су басқан аумақтардан қардың еріген суын сорып алу және арнасын бұру бойынша жүргізілген жұмыстың арқасында су астында қалған 2417 үйдің 1831-інен су шығарылды. Соңғы тәулік ішінде ғана 575 үй қардың еріген суынан арылды. Сонымен қатар 586 үй су астында қалып тұр: Ақмола облысында - 44 үй, Қарағанды облысында - 541 үй, соның ішінде Мұстафин атындағы кентте - 267 үй, 1 үй - Петропавл қаласының маңында», - деп атап өтті ол.