«Ел Президенті құқық қорғау органдарына біздің азаматтарымыз, әсіресе жастар арасында есірткінің таралуына күшті тосқауыл қоюды тапсырды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев түсіндіргендей, есірткіге қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін синтетикалық есірткілердің жаңа буынын анықтау бойынша жұмысты едәуір жандандыруға мүмкіндік туды.