Қазақстанда 9 млн астам адам коронавирусқа қарсы толық егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа қарсы 9 млн астам адам толық егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

11 наурыздағы дерекке сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың 1-ші компонентін 9 419 678 адам, 2-ші компонентін 9 061 561 адам салдырды.

Бұған дейін елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатқанын жазған едік. Бүгінге дейін 895 411 адам вакциналанды.