Қазақстанда адам саудасымен күресті реттейтін арнайы заң жоқ – Марат Ахметжанов

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанға адам саудасымен күресті реттейтін арнайы заңның не үшін керектігін айтты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы министр Астанада өтіп жатқан Қазақстандағы адам саудасына күрес туралы құқықтық форумда мәлім етті.

«Қазір ІІМ бұл бағыттағы жұмысын қайта құрып, бағдарлы тәсілді енгізуде. Қоғамдық институттармен әріптестік қарым-қатынас орнату, мемлекеттік органдармен жауапкершілікті бөлісу мәселелері қайта қаралуда. Бұл қағидат адам саудасына қарсы тұру тәсілдерін әзірлеу кезінде қолданылуы керек», - деді министр.

Айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан адам құқықтары саласындағы 60-тан астам көпжақты шарттардың қатысушысы болып отыр. Олардың 13-і құлдықтың заманауи түрлеріне қарсы тұрумен тікелей байланысты.

«Сонымен қатар, осы саладағы қатынастар 10 заңмен, мемлекеттік органдардың әртүрлі бұйрықтарымен реттеледі. Бірақ соның бәрі шашыраңқы. Арнайы заң жоқ», - деді Марат Ахметжанов.