Қазақстанда АЭС салатын консорциумды құру жұмыстары қай сатыда

Фото: Фото: "Alter Ego" жобасы

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директорының орынбасары Ринат Оқасов Қазақстанда алғашқы АЭС салумен айналысатын консорциум құру жұмыстары қандай сатыға жеткенін мәлім етті.

- Концорциум құру деген – күрделі процесс. Өйткені бірден бірнеше шетелдік және халықаралық компаниясы қатысу керек. Біз қазір осы компаниялардың бәрімен келіссөз жүргізіп жатырмыз, - деді Ринат Оқасов деді ол елордада өтіп жатқан семинардың кулуарында.

Сондай-ақ, ол консорциумға мүше болатын компанияларды іріктеу механизмі әлі нақтыланбағанын айтады.

- Механизм әлі белгісіз. Қалай болған да бас мердігер болады деп топшылап отырмыз. Жобамызға қатыса алатын шетелдік компанияларды сол бас мердігермен бірлесіп іріктейміз. Қазір шорт-парақтағы 4 компаниямен де сол қалпы келіссөз жүргізіп отырмыз. Бұл Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Франция компаниялары екенін білесіздер. Консорциум осы компаниялардың қатысуымен құрылады деп топшылаймыз, - деді компания басшысының орынбасары. 

Бұған дейін АЭС салуға мемлекет кепілдігімен қарыз тартылуы мүмкін екенін жазған едік.