Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады

Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Airbus әуе кемелеріндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жұмыстары 29 қараша күні толық аяқталатынын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 23 әуе кемесінде жаңарту орындалған, ал қалған 8 ұшақта (Ақтауда – 1, Астанада – 3, Алматыда – 4) жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр және бүгін аяқталады.

Жалпы бақылауда 38 Airbus әуе кемесі тұр. Оның ішінде:

– 5 ұшаққа жаңарту қажет емес;
– 2 әуе кемесі C-Check техникалық тексерісінде.

Астана және Алматы халықаралық әуежайлары штаттық режимде жұмыс істеп, рейстер кесте бойынша орындалуда.

«Рейстердің кешігуі жағдайында жолаушыларға көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық іске қосылды», – деп хабарлады ААК.

Рейстердің мәртебесін жолаушылар мына нөмірлер арқылы біле алады:

  • Air Astana: +7 727 244 44 77, +7 717 258 44 77, +7 702 702 44 77
  • FlyArystan: +7 727 331 10 10 (WhatsApp: +7 702 702 02 27)
  • SCAT: +7 7252 99 88 80
  • Qazaq Air: +7 727 356 14 14
  • Қазақстан авиациялық әкімшілігі: +7 7172 79 82 13
  • Астана әуежайы: +7 7172 70 29 99
  • Алматы әуежайы: +7 727 228 00 19

Жолаушыларға рейстердің жаңартылған мәртебесін авиакомпаниялардың ресми сайттарынан алдын ала тексеру ұсынылады.

Айта кетейік, бұған дейін Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.