Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт құбылады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ 22–24 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Қарлыбай Бақдәулет

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай әкеледі. Кейбір аудандарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Ал Қазақстанның батыс өңірлеріне антициклонның жотасы әсер етеді. Соның нәтижесінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы көтеріледі. Күндіз ауа температурасы 34–39 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

Биыл аптап ыстық пен құрғақшылық қаупі бірқатар өңірдегі егінді сынаққа салды. Ауа райы өнімге қаншалықты әсер етті және агросектор климаттың жаңа жағдайына қаншалықты беймделіп жатыр? Kazinform тілшісі осы сұрақтарға министрлік деректері мен сарапшылар бағасы арқылы жауап іздеді. Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.