Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріледі

АСТАНА. KAZINFORM - 10-12 қыркүйек аралығында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді. Солтүстікте күн салқындаса, оңтүстікте жазғы жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық ағындар айқындайды. Соған байланысты жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Елдің оңтүстік-шығысында 12 қыркүйекте жаңбыр жауады, жалпы өңірде күн жылы болады.

Батыста циклон өткеннен кейін жауын-шашын азаяды. Ауа райы біртіндеп тұрақтанады.

Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы 13... 23 градусқа дейін төмендейді. Орталықта 15... 25 градус аралығында болады. Батыста ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, 20... 28 градусқа жетеді.

Осыған дейін Өскеменде ауаға тараған үш зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткені туралы жаздық.