Қазақстанда алғашқы АЭС-ке атау беріледі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына ресми атау беріледі. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, нысанның атауы жобада алдын ала қарастырылған.
— Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Егер тиісті ұсыныстар түссе, біз оларды қарастыруға дайынбыз, — деді агенттік өкілдері.
Еске салсақ, 8 тамызда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды.
Бұған дейін елдегі алғашқы атом электр станциясы қандай болатыны айтылды.
Сонымен қатар АЭС салынатын аумақта зерттеу-іздестіру жұмыстары 1,5 жылдай жүретіні анықталды.
Бүгін Олжас Бектенов «Росатом» бас директоры Алексей Лихачёвпен кездескені белгілі болды. Премьер-министр атом электр стансасының құрылысы Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті. Үкімет жобаны жүзеге асыруға қажетті көмек көрсетеді.