Қазақстанда алғашқы АЭС салатын өңір белгілі болды

Фото: Фото: Freepik

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысы Олжас Бектенов алғашқы атом электр стансасын салатын өңір туралы қаулыға қол қойды.

- Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңы 5-бабының 2-тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын, - делінген қаулыда.

Қаулы ресми жарияланған күні, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізілді.

Еске сала кетейік, премьер-министр АЭС салуда экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету қажет екенін айтқан еді. 

Сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы АЭС 8 жылдың ішінде салынып бітуі мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.