Қазақстанда алғашқы көмір химиясы кешені құрылады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысына №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Президентке аталған жоба Qarmet компаниясының ірі инвестициялық бастамаларының қатарына енетіні айтылды. 

Фото: Ақорда

Оның аясында жаңа кокс өндірісі қуатын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Мұндай ауқымдағы құрылыс комбинатта соңғы бірнеше онжылдықта болмаған. 

Фото: Ақорда

Бас технологиялық серіктесі – ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation компаниясы.

Фото: Ақорда

Екі батереяның жалпы жобалық қуаты жылына 1,5 миллион тонна құрғақ кокс өндіруге жетеді. Әр батереяда камерасының биіктігі 7,6 метр болатын 54 кокс пеші жұмыс істейді.

Фото: Ақорда

Жаңа агрегаттар домна пешін осында өндірілетін кокспен тұрақты түрде қамтамасыз етуге, оның сапасын ұдайы сақтауға және экологиялық қауіпсіздіктің анағұрлым жоғары деңгейде болуына мүмкіндік береді. 

Фото: Ақорда

1960-1970 жылдары пайдалануға берілген өндіріс қуатын алмастыратын батереяларды келесі жылы іске қосу жоспарланып отыр. 

Фото: Ақорда

Осылайша, Қазақстанда кокстеу өнімдерін терең өңдейтін алғашқы көмір химиясы кешені құрылады.

Айта кетелік Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барған еді. Президент Теміртаудағы жаңартылған трамвай жүйесімен танысты.