18 маусымда Ернар Жаркешов Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Ернар Серікбайұлы АҚШ-тағы Гарвард университетін, Дж. Кеннеди атындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін, Сингапур Ұлттық Университеті Ли Куан Ю атындағы Жоғары мемлекеттік саясат мектебін, Ұлыбританиядағы Бирмингем Университетін және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын ҚР Президент Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінде тағылымгер ретінде бастаған.
Сингапур Ұлттық Университеті Ли Куан Ю атындағы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде ассистент-зерттеуші болып жұмысын жалғастырған.
2011-2017 жылдар аралығында ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі құрылымдарында бас маман, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Қазақстандағы кеңсесінде жобалар портфелінің жетекшісі болып жұмыс істеген.
2017-2023 жылдар аралығында Қазақстандық ірі жекеменшік консалтинг компаниясының бас директоры, Біріккен Араб Әмірліктерінде Whiteshield Partners халықаралық консалтинг компаниясының Еуразия елдері бойынша директоры және бизнесте басшы қызметтерін атқарған.
ҚР, БАӘ және ТМД елдерінде экономикалық және инвестициялық саясат, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларды іске асыруға қатысты.
2024 жылдың ақпан айынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Сенат төрағасының кеңесшісі (штаттан тыс) болды.
19 маусымда Арман Қасенов Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.
Арман Қасенов 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Лондон бизнес мектебінде (Ұлыбритания) «қаржы» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.
Кэмбридж университетінің Eurasia Business Executive & Leadership Programme Judge Business School басшыларға арналған бағдарламасын аяқтады.
Еңбек жолын 2002 жылы қаржы секторында бастаған.
Қаржы, инвестициялық жобалар және бизнес саласында басшылық лауазымдарда 20 жылдық тәжірибесі бар.
2009 жылдан бастап Қазақстанның ірі жекеменшік және мемлекеттік қаржы институттарында директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма мүшесі лауазымдарын атқарды.
2023 жылдан қазірге дейін — «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
20 маусымда Алтай Күздібаев Қазақстан тұрғын үй компаниясын басшысы болып тағайындалды.
Алтай Күздібаев 1985 жылы туған.
«Халықаралық экономика» мамандығы бойынша М. В. Ломоносов атындағы ММУ тәмамдаған.
Менеджмент магистрі дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да бастап, 2009-2012 жылдары «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-де жұмыс істеді.
2012 жылғы қарашадан 2013 жылға дейін Ұлттық банктің еншілес ұйымы — «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
2013 жылғы қарашадан 2020 жылғы тамызға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның тұрғын үй блогі біріктіріліп, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ға қосылғаннан кейін Алтай Күздібаев «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына ауыстырылды.
20 маусымда Нұрлан Ноғаев Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі болып тағайындалды.
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев 1967 жылы туған.
Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Халықаралық қатынастар университеті Мәскеу мемлекеттік институтын тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.
1993-1995 ж. ж. — Мәскеу қаласындағы «Гили- Паскер» ЖШС-де мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.
1995-1996 ж. ж. — Алматы қаласындағы «Отрар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.
1996-2006 ж.ж — «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да инженер, бас директор.
2006 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін — «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры.
2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.
2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін — Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін- облыс әкімінің бірінші орынбасары.
2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
2016 жылдың 26 наурызынан Атырау облысының әкімі.
2019 жылдың 18 желтоқсанынан ҚР Энергетика министрі болып қызмет істеді.
2021 жылдың 7 қыркүйегінде Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған.
2024 жылдың 16 мамырында Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.
2010 жылы «Құрмет орденімен марапатталған.
20 маусым күні Азамат Әбдіраимов Қазақстанның Финляндиядағы елшісі болды.
Азамат Сәбитұлы 1983 жылы 15 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.
2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген,
2005 жылы халықаралық қатынастар магистрі ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясында білім алған.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР СІМ ТМД істері департаментінің үшінші хатшысы болып бастады.
Одан әрі осы департаментте екінші хатшы лауазымында жұмыс істеді.
2007 жылы Италия Республикасындағы ҚР Елшілігіне үшінші хатшы ретінде жіберілді. 2009-2011 жылдар аралығында ҚР СІМ ТМД департаментінде бірінші хатшы болып жұмыс істеді.
2010-2011 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің талдау бөлімінің сарапшысы, сектор меңгерушісі болды. 2011-2015 жылдары — Испания Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы ретінде жіберіліп, онда кеңесші лауазымына дейін көтерілді.
2015-2016 жылдары ҚР СІМ ЭКСПО-2017 Хатшылығы басшысының орынбасары болды.
2016-2018 жылдары — ҚР СІМ ЭКСПО-2017 хатшылығының басшысы қызметін атқарған.
2018 жылы Канададағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарды.
2019-2023 жылдары Сан-Франциско қаласында (АҚШ) Қазақстан Республикасының Бас консулы болды. Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін 2023 жылғы қазаннан бастап ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары болған.
І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Испан, ағылшын және итальян тілдерін меңгерген.