«Бұл көрсеткішті жағымды санауға болады. Мысалы, АҚШ-та қылмыстың ашылуы соңғы 30 жыл бойына 21-22 пайызды құрап келеді. Англияда - 32-40 пайыз, ал қазір біз тәжірибесін бүге-шігесіне дейін зерделеп жүрген Германияда қылмыстың ашылуы 45-46 пайыздан көтерілген жоқ. Сонымен қатар, Германияда жасалған 48,4 мың пәтер ұрлығының бар болғаны 16,5 пайызы ашылады. Франциядағы және Ұлыбританиядағы жағдай да осыған ұқсас. Ал Қазақстанда біреудің мүлкін ұрлау қылмысының ашылуы 17 пайызды, пәтер ұрлығының көрсеткіші 14 пайызды құрайды», - дейді Қ. Қасымов.
Министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстанда ауыр қылмыстар деңгейі де жыл сайын азайып келеді. Мәселен, былтырдан бері аса ауыр қылмыстар 17 пайызға қысқарған, соның ішінде адам өлтіру 13,4 пайызға, қарақшылық шабуылы 7 пайызға, тонау 5,5 пайызға кеміген.