«ҚР ІІМ, ҰҚК және Ақмола облыстық ІІД қызметкерлері Щучинск қаласындағы қонақ үйлердің бірінінің нөмерінен Грузия мен Әзербайжан аумағында қылмыстық іс-әрекетпен айналысқан, өзін «вор в законе» кастасына қатысты санайтын Әзербайжан Республикасының азаматын қолға түсірді. Ұсталған адамнан оғы бар тапанша, граната және есірткі заттары тәркіленді», - деді ол.
Департамент басшысының айтуынша, күдікті Қазақстанға Тбилисиден әуе рейсімен келген.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол туған-туысы Грузия мен Әзербайжан Республикасында тұратын әзербайжан диаспорасынан шыққан кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысуды жоспарлаған. Ұсталған адам уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Алмас Садубаев.