Қазақстанда балабақшамен қамту бүгінде 80 пайыздан асты - А. Сәрінжіпов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мектепке дейінгі біліммен қамту бүгінде 80 пайыздан асты. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісі алдындағы брифингте аталған ведомствоның басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Өткен жылға қойылған міндеттерді толық орындадық. 120-дан астам жаңа мектеп ашылды. Балабақшамен қамту бүгінде 80 пайызға жетті. Бізде 3-6 жас аралығындағы балалардың саны 1 млн. болса, 800 мыңы балабақшаға барады»,-деді министр.

Осы орайда балабақша санын арттыру бағытында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке екпін қойылады

Оның сөзіне қарағанда, кәсіби-техникалық білім саласындағы ең басты мақсат - дуальді білім беру жүйесін дамыту. Атап айтқанда, 280 колледж 3225 кәсіпорынмен бірлесіп, дуальді білім беру элементтерін оқытуда. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 10 базалық колледж идустрияландырудың екінші кезеңіне арнайы маман даярлауды бастайды.