АСТАНА. ҚазАқпарат - Көгалдағы корттағы маусымды сәтті бастаған Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина өзінің әсерін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Taiking Tennis мәлім еткендей, Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдонда 2022 жылы жеңімпаз атанғаннан кейін Қазақстанда не өзгергенін айтты.
«Әрине, көп адам менен көгалда тағы да сәтті өнер көрсетеді деп күтеді. Мен сабырлы болып, әр матчқа барымды салып, үйренуге тырысамын. Мен көгалда жақсы ойнай алатынымды білемін. Бірақ әңгіме қалыпқа түсіп, ойынымды жетілдіру үшін жұмыс істеу керектігі туралы болып отыр. Уимблдондағы жеңісімнен кейін мені көп адам, әсіресе, Қазақстанда балалар көбірек біледі. Олар көбірек теннис ойнай бастады. Бұл өте қуанышты», деді Е.Рыбакина.
Елена Рыбакина бүгін Берлин WTA 500 турнирінің екінші айналымында әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Берлин турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик Германиядағы турнирде әлемнің 14-ракеткасын ұтты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).