Қазақстанда банк активтерінің сапасына кешенді тәуелсіз бағалау жүргізіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның банк жүйесінде банк активтерінің сапасына кешенді тәуелсіз бағалау жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Үкіметтіңкеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Тексеругебанк жүйесіндегібарлық активтің 87% құрайтын 14 банк енгізілген. Биылғы шілде айының соңынадейін халықаралық консультант - Oliver Wyman компаниясымен бірлесіп, Еуропаорталық банкінің әдістемесін бейімдеу жұмысын аяқтаймыз», - деді ЕрболатДосаев.

Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14 банкке қатысты жұмыстың қалай жүргізілетінінсұрады.

«Бұл –шетелдік қатысушылары бар қазақстандық банктер. Еуропа орталық банкініңәдістемесін бейімдеу жұмысы 29 шілдеге қарай аяқталады. 1 тамыздан бастап банк активтерін бағалауға көшеміз.Бұл жұмыс биыл қарашаның соңында немесе желтоқсан айының басында аяқталады. Әріқарай Үкіметпен бірлесіп, банк активтерін бағалау қорытындысы бойынша шаралармен ұсынымдарды ескеріп, алдағы 2-3 жылда өткізетін шаралардың арнайы жоспарынқұрамыз. Банк активтерін бағалау инвестор тартуға және Қазақстанның банк жүйесінің беделі мен сенімін арттыруғамүмкіндік береді деп есептейміз», - деді ол.

Айта кетейік, елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.


Соңғы жаңалықтар