Anadolu Ajansı агенттігінің жазуынша, кездесуде аймақтық қауіпсіздік мәселелері, Израильдің өңірдегі әрекеттері, сондай-ақ Палестина мен Ливандағы соңғы оқиғалар талқыланған.
Жиынға Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи төрағалық етті. Оған Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан делегациялары қатысты.
Кездесуде Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи болды.
Сонымен қатар Түркия делегациясын Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калын, Сауд Арабиясы делегациясын Қорғаныс министрі, ханзада Халид бин Салман, ал Пәкістан делегациясын Құрлық әскерлерінің қолбасшысы Асим Мунир бастап келді.
Бұған дейін Түркия, Қатар, Пәкістан мен Индонезияның әскери өндірісті дамытуға келіскені хабарланған болатын.