Қазақстанда білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңартылады - А.Сәрінжіпов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту жоспарланған, деп хабарлады бүгін педагогтік білім беру жөніндегі республикалық кеңесте білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

«Біз білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартамыз», - деді А.Сәрінжіпов.

Оның айтуынша, аталған мәселеде педагогтарды даярлау негізгі рөлді атқарады, себебі білім сапасы мұғалімдердің білім деңгейіне байланысты болады.

«Қазір педагогикалық білім беруге, педагогикалық ЖОО-дарына мұқият қарау қажет, кімді және қалай даярлаймыз, бұл орта білім беруді жаңарту және қамту бойынша жоспарлармен қалай келісіледі. Бүгін бірнеше бастаманы іске қостық. Біліктілікті арттыру бойынша үлкен бағдарлама бар», - деп басып айтты ведомство басшысы.

Министр атап өткендей, жыл сайын ұстаздардың ауқымды саны біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, Назарбаев зияткерлік мектептерінің жүйесі бойынша үш айлық курстар бар, Кэмбридждік білім берумен ынтымақтастық орнатылуда, деп жазады primeminister.kz.