Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау құны талқыланды

АСТАНА. KAZINFORM — Бірыңғай оператор тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалауға арналған бақылау-сәйкестендіру белгісінің құнын ҚҚС-сыз 2,68 теңге деңгейінде белгілеуді ұсынды.

Фото: pexels.com

Бүгін комитет алаңында Бірыңғай оператордың мемлекеттік монополияға және арнайы құқыққа жатқызылған қызметтерінің бағасына сараптама жүргізу бойынша, атап айтқанда тағамға биологиялық белсенді қоспаларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау мәселесіне арналған жария тыңдау өтті.

Талқылауға бизнес өкілдері, қоғамдық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардан шамамен 70 өкіл қатысты.

Бірыңғай оператор өкілдері аталған тауар тобы бойынша тарифке енгізілген шығындар құрылымын таныстырды. Бірыңғай оператор қызметтерінің бағасы баға белгілеу қағидаларының талаптарына сәйкес шығындық әдіс арқылы қалыптастырылады.

Жария тыңдаудың өткізілуі қызмет тарифтері жобасын әзірлеу үдерісінің ашықтығын көрсетіп, Бірыңғай оператор қызметтерін пайдаланушылардың мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Бірыңғай оператор тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалауға арналған бақылау-сәйкестендіру белгісінің құнын ҚҚС-сыз 2,68 теңге деңгейінде белгілеуді ұсынды.

Тыңдау барысында келіп түскен сұрақтарға жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Жария тыңдау қорытындысы бойынша материалдар Кәсіпкерлік кодекске сәйкес ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жолданатын болады. 

Айта кетелік биологиялық белсенді қоспалар нарығы мемлекет тарапынан қатаң бақылауда