«Апта ішінде 3031 қылмыс тіркеліп, тәулік ішінде оның 1977-сінің беті ашылды», - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, полицейлер кісі өлтіруге қатысты 10 қылмыстың, сондай-ақ адам өліміне алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудегі 6 қылмыстың ізін суытпай ашты. Сонымен қатар қарақшылық бойынша екі және тонауға қатысты 29 қылмысқа, бөтеннің мүлкін ұрлауға байланысты 463 қылмысқа қатысты күдіктелерді тез арада анықтауға мүмкін болды.