Төтенше жағдайлар министрлігінің Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтына сілтеме жасап хабарлауынша, 28 наурызда сағат 04:42–де Қазақстан аумағында МСК-64 шкаласы бойынша 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Ошақ Көпуро-Базар ауылынан солтүстікке қарай 20 шақырым жерде, Бішкектен оңтүстік-батысқа қарай 133 шақырым жерде орналасқан.
— Жер сілкінісі Талас облысы Талас ауданы Көпуро-Базар ауылында 5 баллға дейін, Қара-Балта және Бішкек қалаларында 4 балл шамасында сезілді, — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі тексеру және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Толық ақпарат кейінірек беріледі.
Еске сала кетейік, бүгін түнде Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелгенін жазған болатынбыз.