«2021 жылы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заң қолданысқа енеді. Осыған байланысты шетел азаматтарына виза рәсімдеу, тұруға ықтиярхат немесе босқын мәртебесін алу кезінде міндетті түрде дактилоскопиялық тіркеу талап етіледі. Заң бұзған шетел азаматтары да осындай тіркелуден өтуі тиіс», - деп нақтылады ведомство басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылдан бастап еңбек мингранттарына біздің азаматтардың жеке шаруашылығына жұмыс істеуге рұқсат берілуі заңсыз еңбек мигранттарын азайтуға көмектесті.
«Осы институт енген уақыттан бастап мигранттарға 1 миллиондай патент беріліп, бюджетке салық түрінде 10 млрд теңгеден астам қаржы түсті», - деп қосты Қ. Қасымов.