Құтқарушылар қазақстандықтарды жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыруда.
2017-2018 жылдардағы жылыту кезеңінде (2017 жылдың 15 қазанынан 31 желтоқсанына дейін) ыс пен табиғи газдан улану салдарынан 24 адам қаза тауып, 149 адам жарақат алған.
Қаза тапқандардың көбі (46%-ы) - 11 адам мұржаның бітеліп қалуы салдарынан қайтыс болса, пеш құрылымындағы жарықшақ салдарынан - 8 адам (34%), тұрмыстық газ құрылғысын қолдану кезінде талаптардың бұзылуынан 4 адам (17%), ақауы бар пеш құрылғысын пайдалану салдарынан 1 адам (3%) мерт болған.
ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері тұрғындар арасында ұдайы үгіт-насихат және профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр.